Алматы полициясы «үлкен мүмкіндіктері» бар әйелді ұстады

Алматы полициясы «үлкен мүмкіндіктері» бар әйелді ұстады

 Мәселе бірқатар қызмет түрлерін алуда өзін делдал ретінде «ұсынған» 55 жастағы әйел туралы болып отыр.
«Бұрын сотталған күдікті, жалған есімдерді пайдаланып, белгілі бір мәселелерді шешу үшін азаматтардың ақшасын заңсыз иемденген. Ипотека және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға, бастапқы жүргізуші куәлігін алуға, оқу орындарына түсуге, факультеттерден ауысуға және т.б. көмектесуге уәде берді. Кейбіреулерге әйел адам айтқан шарттар тартымды және тиімді болып көрінді. Олар жинақтарын делдалға беріп, оның орнына уәделер мен кепілдіктер алған. Қазіргі уақытта полицияға 7 адам арызданған. Ол ұсталды», — деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде.