24 жастағы қарағандылық Алматылықтарға ипотекалық пәтерлерді алып беруге уәде еткен

24 жастағы қарағандылық Алматылықтарға ипотекалық пәтерлерді алып беруге уәде еткен

 1999 жылы туған А.есімді азамат іскер болып шықты.
Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі кезеңде тергеу ұсталған азаматтың 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығын анықтады және жалпы материалдық шығын анықталуда. Жас жігіт азаматтардың сеніміне кіріп, оларға ипотекалық пәтерлер алып беруге уәде берген, сондай-ақ, ол үнемі 400-500 мың теңге көлемінде «алдын ала төлем» алып отырған. Содан кейін «клиенттерінің» ақшасымен жоғалып кеткен», - деді, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Еділхан Байғараев.
Күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс жалғасуда, ал, тергеушілер алдаудың жаңа деректерін анықтауда.