Қалта ұрлығы үшін тағы бір әйел ұсталды

Қалта ұрлығы үшін тағы бір әйел ұсталды

 Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны қалта ұрлығы арқылы ақша табуға бел буды.
«Екі қалта ұрлығын жасады деген күдікпен Д.есімді азаматша ұсталды. Біздің мәлімет бойынша, қаскөй қалаға жұмыс істеу үшін келгендей келіп жүрген. Құрбанын іздеп, сауда орталықтарын аралап жүрді. Әйел адам СҮ-нің бірінде келушінің қалтасынан «Айфон» ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматшаның Алматының басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.