Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде 59 жастағы К.есімді азамат өрескел бұзушылыққа жол берді. Ол «Автотрансгаз» ЖШС-не тиесілі 47-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарған.
«Оның іс-әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 612 бабы 2 бөлігі бойынша сараланған. Жүргізуші жауапқа тартылды. Сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен құжаты бар жүргізушіні желіге шығарған кәсіпорынның механигіне де әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, шаһар жолдарында қоғамдық көлік жүргізуге дағдысы да, рұқсаты/санаты да жоқ қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Мәселе «Думан Транс» ЖШС қызметкері туралы болып отыр. Ол 11-ші бағыттағы қоғамдық көлікті басқарған. ҚР ӘҚбК-нің 619-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», - деді, Алатау аудандық ПБ-ның мемлекеттік автоинспекторы полиция майоры Руслан Оразымбетов.
Спикердің айтуынша, екі көлік құралы да айыппұл тұрағына орналастырылған.