Алматы ПД: жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың беті ашылды

Алматы ПД: жанармай құю бекетіне жасалған  шабуылдың беті ашылды

 100 мың теңге мен екі ұялы телефон қаскөйлердің олжасына айналды.
«Жанармай құю бекетіне жасалған шабуыл түнгі сағат екіде орын алды. Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш пен балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің ұялы телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. Бұл - 1999 жылы туған Т.есімді азамат және 2000 жылғы М.есімді азамат. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді», - деді, Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Қаскөйлер – басқа жақтан келгендер. Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ, ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған.
«Шабуылдаушылар» уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қызметкерлері олардың жеке басын бұрын жасалған осыған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.