Зорлық-зомбылықсыз 16 күн: полиция қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері жаңа туған нәрестелері бар әйелдерге барып, көмек көрсетті

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн: полиция қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері жаңа туған нәрестелері бар әйелдерге барып, көмек көрсетті

 Республикалық науқан аясында Алматы полициясының қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері «Ана үйіне» барып қайтты.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үй бекерден бекер таңдалған жоқ.
Мұнда бір жарым жасқа дейінгі балалары бар 30 жас ана тұрады.
Оларға қонақтар қажетті сыйлықтарды алып келді: нәресте тамағы, жаялық, жаңа туған нәрестелерге арналған киім-кешек.
Сонымен қатар, дағдарыс орталықтарының өкілдері мен тәртіп сақшылары әйелдермен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары мен шарттары, сондай-ақ ана болу бақыты туралы әңгімелесті.
Шаһарда «Ана үйінің» үш филиалы бар, онда өмірлік жағдайға байланысты балаларын тастап кете жаздаған жас аналарға көмек көрсетіледі.