Алматыдағы қару-жарақ арсеналы

Алматыдағы қару-жарақ арсеналы

 Арнайы іс-шараны Алматы қаласы бойынша ҰҚКД өкілдерінің көмегімен алматының ҰҚКБ қызметкерлері жүргізді.
«1984 жылы туған Ж.есімді азамат ұсталды, оның үйінен сегіз мылтықты карабин, бір мылтық, оптикалық көздеуіш және екі аңшылық пышағы табылды және тәркіленді. Қару қоймасы қосалқы бөлмеде жасырылған . Жедел мәліметтерге сәйкес, бұл арсенал ағымдағы жылдың қаңтар айында шаһардағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мән-жайлар анықталуда», - деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанат Нұрғалиев.
Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.