Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 2022 жылғы 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 1971 жылы туған «А» есімді азамат ұсталды.
Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген.
Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін «А» есімді азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.