Алматы полициясы Армениядан келген қос көлікті ұстады

Алматы полициясы Армениядан келген қос көлікті ұстады

 Полицейлердің назарына «Ниссан» және «Тойота Альфард» маркалы көліктер ілікті. Парадокс – екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті тіркеу куәлігі бар.
«Екі шетелдік көлік те Армения Республикасында тіркелген. Оларды жерлестеріміз басқарады. Белгілі болғандай, шағын автобус жүргізушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына жолаушы тасымалдаумен айналысады. Ол көлікті бірнеше ай бұрын Батыс Қазақстанда сатып алғанын айтады. Бұл дерек Әуезов аудандық полиция Басқармасында тіркелген. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде аталған көлік жүргізушілерінің қайсысы «жалған» нөмірді пайдаланғаны белгілі болады, одан әрі ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болатбек Баятанов.
Көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.