Чемпионат үшін 7 командадан 70-тен астам спортшы күресті: полицейлер, журналистер, дәрігерлер, блогерлер, әртістер және еріктілер.
«Ойын Қазақстан полициясының 30 жылдығына, сондай-ақ, алдағы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған. Бұл спорттық шара - серіктестерімізге деген алғыстың белгісі. Алматы қалалық ПД басшылығы мен барлық жеке құрамы атынан Қазақстан полициясына қылмыспен күресу және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыста баға жетпес көмек пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. «Динамо» стадионындағы мұндай кездесулер дәстүрге айналатынына және бүгінгі ойын өте жарқын әрі қызықты болатынына сенімдімін. Турнирге қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Осымен шағын футболдан жолдастық кездесу ашық деп жарияланды!», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Олжас Мырзабеков.
Ойын қорытындысы бойынша «Алау» блогерлер командасы жеңіске жетсе, ІІ орын полиция Департаментінің командасына бұйырды, ал жүлделі үшінші орынды «Медицина барыстары» командасының медицина қызметкерлері иеленді.
Сонымен қатар, нәтижеге байланысты қосымша номинациялар бойынша көшбасшылар анықталды: «Медицина барыстары» командасынан Нұрбота Нұрсұлтан «үздік қорғаушы», «Алау» блогерлер командасынан Али Достиев «үздік ойыншы», «Қайсар» еріктілер командасынан Темірлан Нүсіпбаев «үздік қақпашы» атанды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.