Қаңтар оқиғасында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына әріптестері барып қайтты

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына әріптестері барып қайтты

 Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде қаза тапқан полиция старшинасы Ринат Қамбетовтың отбасында екі бала өсіп келе жатыр. Ахметжан 5 жаста, Мұхамеджан 8 айлық. Ринат өмірден өткенде кенжесі небәрі 3,5 айлық еді.
Ал биылғы жылдың қаңтар айындағы қарулы шабуылдардың жолын кесу кезінде, өмірі қайғылы түрде қиылған полиция аға сержанты Ален Асылхановтың 2 жасар Даниал атты ұлы бар.
«Қауіпсіздік пен бейбітшілікті өз өмірлерімен қорғаған әріптестеріміздің ерлігін еске аламыз және құрметтейміз. Жігіттердің ұлдары өсіп келеді, әйелдері, шешелері мен әкелері жұбатусыз қалды. Оларға барлық жағынан көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсету – біздің қасиетті борышымыз», – дейді, Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Владимир Решетников.