Алматыда кісі өлтіру қылмысы «ізін суытпай» ашылды

Алматыда кісі өлтіру қылмысы «ізін суытпай» ашылды

 Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында орын алды. Хабарлама 08 сағат 59 минутта "102" пультіне келіп түсті.
Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш.есімді азамат кісі қолынан қаза тапты.
«Бұл қылмыстың беті "ізін суытпай" ашылды. Күдікті қалада енгізілген "Перехват" арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.