Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті

 Әуезов ауданының полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқан, сонымен қатар, ірі қару дүкенін тонап, одан 10 патрондары бар "BrowntnG" тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен И.есімді азамат болып шыққанын анықтады.
Қаскөй мылтықты бесінші ықшамауданындағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне тығып қоюды ұйғарды.
Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып мылтық жасырынған жерге келген.
Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне жасырып қару алып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған.
Тұтқындау кезінде И.есімді азамат әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қаласының комендатурасы қамқор азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді.