Алматыда тонаушылар тобы ұсталды

Алматыда тонаушылар тобы ұсталды

 Алмалы аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, қала орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы бес адам ұсталған.
Олардың екеуі - қыздар.
Күдіктілер есірткіні тығып жатқан.
Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ, күдіктілер тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді.
Барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар, сондай-ақ компьютерлердің екі процессоры мен мониторы, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған дулыға, киетін заттар, сондай-ақ, әскерилендірілген оқ-дәрілер табылды және қылмыстық іс материалдарына қосылды.
Күдіктілер қамауға алынды.
Олардың жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілуде.