БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

 Алматы қалалық полиция Департаменті бұл дерек "Жетісу" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алғанын хабарлайды. 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.