Алматыда қала тұрғындарына «арзан» пәтер мен көлік ұсынған алаяқтар әшкереленді

Алматыда қала тұрғындарына «арзан» пәтер мен көлік ұсынған алаяқтар әшкереленді

У Анықталғандай, 1983 және 1985 жылы туған ер адамдар бірнеше ай бойы қымбат көліктер мен пәтерлерді жалға алып, оларды қысқа мерзімде арзан бағаға қайта сатқан.
«Сатып алушылар таныстар арқылы табылды, "сарафанды радио" жұмыс істеді. Олар сатып алушыларды жылжымайтын мүлікке құжаттар кейінірек берілетініне сендіре алды. Бұл фактор еркектерге алданып қалған азаматтардан тауар үшін толық төлем алуға кедергі болмады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары барысында «дуэттің» қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтары анықталды. Қазіргі уақытта оларға қатысты тағы 5 қылмыстық эпизод дәлелденді. Тергеу кезеңінде ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар, біз азаматтарға жүгінеміз, егер Сіздер осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыздар, бізге мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:
+ 7-708-707-92-02;
+ 7-705-555-77-63;
+ 7-775-774-44-41 және
+ 7-775-106-18-84 »,-деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.