100-ден астам полицей Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғын алабын тексерді

100-ден астам полицей Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғын алабын тексерді

Аудандық полиция Басқармасының хабарлауынша, жергілікті рейдтер, атап айтқанда, "Айнабұлақ" ықшам ауданында, сондай-ақ халық арасында барахолка деп аталып кеткен Орталық киім базары аймағында жүргізілген.
«Жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды және басқа да заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында Алматы қаласының аумағында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейін «Участок» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі міндеті-әкімшілік аумақтарды үйден үйге және ауланы айналып өту, тіркеу ісіне тұрғындар туралы ақпаратты енгізу, ІІО-да тіркелген адамдармен алдын-алу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар заңсыз бағдарланған адамдар туралы толық ақпарат жинау», - деп хабарлады, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.
Баяндамашы рейд кезінде өзекті мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтты: өздігінен сауда жасау, көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзу, пәтерлерді жалға беру, есепке алынған адамдардың тұрғылықты жерін тексеру, сондай-ақ тіркеуде тұрған қаруды сақтау ережелерін тексеру.
«Бұл іс-шараны жүргізуде бөлімшенің жеке құрамы барынша тартылды. Өткен демалыс күндері 350 тұрғын үй тексерілді, 25 пәтер заңда көзделген міндетті рәсімдерді сақтамай жалға берілді. Сонымен қатар, 73 қару иесі тексерілді. Айтпақшы, ювеналды полиция күштерімен ғана емес, сондай-ақ, жергілікті учаскелік инспекторлардың белсенді көмегімен жүргізілген кәмелетке толмағандар арасындағы алдын алуды да ұмытқан жоқпыз. «Участок» жедел-алдын-алу іс-шарасы жалғасуда. Мұндай рейдтер барлық ірі тұрғын аудандарда кезең-кезеңімен жүргізілетін болады», - деп қорытындылады, полковник Мұсанов.