Алматының Түрксіб ауданында 167 граффити-жарнама боялды

Алматының Түрксіб ауданында 167 граффити-жарнама боялды

 28 шілдеде қаланың Түрксіб ауданында өткізілген республикалық жедел-алдын-алу іс -шарасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері мен филиал төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыровпен бірлесе отырып, синтетикалық препараттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды өшіру және анықтауға бағытталған науқанды өткіздік.
Науқан аясында тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттардың қабырғаларына салынған есірткінің таралуын насихаттайтын трафареттер мен граффити жарнамалық сайттар боялды.
Науқан Түрксіб аудандық ПБ жанындағы ПБ ЖПҚ УПИ және шаһардың ПД ЕҚҚБ қызметкерлері мен 20 еріктінің қатысуымен өткізілді. Аудан аумағында 167 граффити жарнама боялды.