Бағыттық қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Бағыттық қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Тәртіп сақшылары жолдарда және қоғамдық орындарда азаматтар арасында бетперде режимін және басқа да санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
«Осы рейдтер барысында жүргізушілермен және жолаушылармен қоғамдық көлікте жүру кезінде карантиндік режимді сақтау туралы түсіндірме әңгіме өткіздік. Бұл бағыттардағы жолаушылардың кейбіреулері медициналық бетперде киіп жүрмегенін айта кетейін. Сонымен қатар, әр ауданда алдын-алу жұмыстарын күшейту үшін 8 арнайы топ құрылды, олардың құрамына полиция қызметкерлері ғана емес, саябақтарда, алаңдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде режимін сақтау бойынша рейдтер жүргізген аудан әкімдіктерінің өкілдері де кірді. Біз бетпердесі жоқ адамдарға бетперде тараттық», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Сондай-ақ, полиция тағы да карантиндік шараларды сақтау және өз қауіпсіздігіне қамқорлық жасау керектігін еске салды.