Естеріңізге сала кетейік, «Қауіпсіз жол» полициялық іс-шарасы Алматы қаласында өтуде.
«Полиция апаттық жағдайды азайтуға жол-көлік оқиғаларын алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністердің уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударады. Шаһар жолдарында іс-шара басталғаннан бері барлығы 6 мың 205 жол ережесін бұзу анықталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
593 бап 1 бөлім (қауіпсіздік белдігін қолданбау) 1317
615 бап (жаяу жүргіншілер) 1155
595 бап (маневр жасау ережелерін бұзу) 939
590 бап 9 бөлім (техникалық бақылаудан өтпеген КҚ басқару) 758
591 бап (КҚ басқару кезінде телефонды қолдану) 754
606 бап (апаттық жағдайды тудыру) 466
600 бап (жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеу) 326
599 бап (бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту) 160
608 бап (мас күйінде КҚ басқару) 106
590 бап 7 бөлім (заңсыз қайта жабдықтау) 77
612 бап 1 бөлім (басқаруға құқықы жоқ адамның КҚ басқаруы) 69
596 бап 3 бөлім (қозғалыстың қар жолағына шығу) 38
607 бап (темір жол жолдарының өткелінен өту ережесін бұзу) 19
590 бап 4 бөлім (жалған МТНБ КҚ басқару) 19
612 бап 3 бөлім (басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) 13
Айыппұл тұрағына 959 көлік қойылды.