Алматыда жаңа полиция бөлімі құрылды

Алматыда жаңа полиция бөлімі құрылды

 Бүгін Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ресми ашылуы өтті. Оған аудан әкімі, сондай-ақ, Алматы қалалық полиция Департаментінің басшылығы қатысты.
«Алатау ауданы - қаланың ең жас аудандарының бірі болып табылады. Оның адам саны жыл сайын жаңа ықшамаудандар мен көп қабатты үйлердің салынуына байланысты көбейіп келеді.Қазіргі кезде Алатау ауданы халық саны бойынша Бостандық және Әуезов сияқты аудандармен теңеседі. Алатау ауданының тығыз халқын ескере отырып, қоңыраулар мен оқиғаларға жедел әрекет ету мақсатында қала Әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Алатау аудандық полиция Басқармасы жанындағы
полиция Бөлімін құруға шешім қабылдады. Министрліктің бұйрығымен ішкі бөлінуге байланысты 90 штат жаңа бөлімшеге енгізілді », - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбдуали Нашарбеков.
Полиция бөлімінің дислокациясы - Нұркент шағын ауданы 5/16. Қала Әкімдігі бөлген ғимараттың ауданы 400 шаршы метрді құрайды. Бұл жертөлесі бар 2 қабатты ғимарат.
Анықтама үшін:
Полиция бөлімі қызмет ететін аумақ келесі көшелерді қамтиды: Райымбек батыр даңғылы - Сайын даңғылының бұрышы, Райымбек батыр даңғылы - Теректі ауылының басы, Мөңке би көшесі Теректі ауылының жалғасы, Мөңке би көшесі - Сайна даңғылының бұрышы.