Алматыда қала орталығында жұмыс істейтін көлік-ұрылары ізін суытпай ұсталды

Алматыда қала орталығында жұмыс істейтін көлік-ұрылары ізін суытпай ұсталды

 39 бен 42 жас аралығындағы үш ер адам тұрақта тұрған көліктерден заттарды ұрлаумен айналысқан. Әдетте, зиянкестер өз әрекеттерін түнгі немесе кешкі уақытта жасайтын. Іс материалдары бойынша бір жәбірленушінің көлігінен шамамен 1 миллион теңге ұрланған.
«Сол күні кешке осы «қасиетсіз үштік» ұсталды, олардың жанында заттай дәлелдер болды. Олар, ашығын айтқанда, жолда, жол жиегінде тұрған көліктермен «жұмыс істеді». Олардың өздері көлікпен жүрді, бұл олардың ұтқырлығына ықпал етті. Көліктің терезесін сындыру арқылы олар ішке кіріп, ақша болатын барлық заттарды иеленді. Осыған байланысты автокөлік иелеріне бағалы заттарды және көп ақшаны көлікке қалдырудың ешқашан қажет еместігін ескертеміз. Ақшаны әрдайым өзіңмен бірге алып жүре аласың, гаджеттер немесе әмияндар, сөмкелерді, тіпті іші бос болса да, көзге көрінетін жерде қалдыру ұрыларды арандату дегенді білдіреді. Сізден ештеңе ұрланбаса да, сынған әйнек жағымды ештеңе әкелмейді. Сондай-ақ бейнетіркеуіштерді жасыруды немесе өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз. Қазіргі уақытта 5 эпизодты көлік-ұрыларының жасағаны дәлелденді, бірақ біз бірнеше есе артық фактілер бар деп санаймыз. Мұнымен қазір тергеу айналысып жатыр. Ұсталған үш ер адам да Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188бабы 3 бөлігі - ірі көлемде жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр », - деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.