Алматыда жанармай бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл ізін суытпай ашылды

Алматыда жанармай бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл ізін суытпай ашылды

 26.02.2021 жылы таңертеңгі сағат 04: 00-де беттері қара бетпердемен жабылған қара киінген екі жігіт Жетісу ауданында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне кірді. Қаскөйлер ештеңе сатып алмақ түгілі, көлікке жанармай құюды да ойлаған жоқ, олардың біреуі бірден тапаншаны шығарып, кассир-операторға бағыттады, қарақшылар ақшаны алып, қылмыс орнынан жаяу қашып кетті.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының тумалары болып табылатын 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жүргізілуде. Жастар мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады. Ұсталғандар Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Айтпақшы, олар кассадан 135 мың теңгені алып шыққан », - деді, Жетісу аудандық Басқарма бастығының м.а., подполковник Асхат Дәулетияров.