Алматыда дүкен сатушыларын жалған чектермен алдап соққан әйел ұсталды

Алматыда дүкен сатушыларын жалған чектермен алдап соққан әйел ұсталды

27 жастағы күдікті С.есімді азаматша, бұрын түзетілген чекті қолма-қол ақшасыз төлем арқылы ұсына отырып, сатушыларды адастырып, ақшасыз сатып алулар жүргізген. Қазіргі уақытта ұсталған С.есімді азаматша Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ол 3 айдан астам уақыттан бері қалада жалдамалы пәтерлерде тұрады, бірақ ешқандай жерде жұмыс істемейді. Бұған дейін мүліктік қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған С.есімді азаматша, Алматыға өзінің туған жері Ақтөбе қаласынан ақша табу үшін келген, бірақ біз көріп отырғанымыздай, ол жұмыс істегісі келмеген. Қаскөй азық-түлік дүкендерінде және киім бутиктерінде өнімді таңдап, бағаны сұраған, содан кейін сол жерде смартфондағы қосымшаны қолданып төлем туралы чекті қолдан жасады: ол алушының аты-жөнін және төлем сомасын жазды. Сатушылар оның смартфонына қарап алданды, ақша түскені туралы хабарлама кейінірек келеді деп үміттенді. Сатып алушы жайбарақат тауармен кетіп қалып жүрген. Ешқандай ақша түскен жоқ. Ал қалада осылай алданған он шақты сатушы бар. Осыған байланысты, осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар келесі телефондар бойынша бізге хабарласа алады: 8-708-707-92-02; 8-705-771-13-71, 8-705-55577-63 »- деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының м.а., полиция подполковнигі Владимир Решетников.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі - аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтыққа сәйкес қылмыс құрамы негіздері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйелді мүлкін тәркілеумен қатар бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.