Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге 100-ден астам тыйым салынған интернет-мекенжайларды бояды

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге 100-ден астам тыйым салынған интернет-мекенжайларды бояды

 Алатау ауданының есірткі қылмыстарына қарсы күресушілері мен учаскелік полиция қызметкерлері «Дәрмек» ЖАІ аясында еріктілердің қатысуымен есірткі сататын орындардың мекенжайларын бояуға арналған іс-шара өткізді.
«Біз әрдайым осындай жазулардың үстін бояу тастаймыз. Әдеттегідей жалғыз емес, еріктілер лигасымен бірге. Бұл мекенжайлар жай боялып қана қойылмайды, оларды жазып, содан кейін Интернет кеңістігінде бұғаттауға жіберетіндігімізді атап өткім келеді. Сонымен қатар, трафарет салушыларды да іздеу шаралары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, мұндай жазбаларда бас бостандығынан айыру жазасы бар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жуырда осы ауданның аумағында қабырғаларды ұқсас мекенжайлармен бояған екі күдікті қамауға алынды. Олар ҚР ҚК-нің 299-1 бабы, 2 бөлімі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша жауапқа тартылған. Сондықтан, мұндай «суретшілер» туралы мәліметі бар азаматтар полицияға хабарлай алады. Біз өз кезегімізде құпиялылық пен мадақтауға кепілдік береміз. Алдағы уақытта да халықты осы туралы хабардар ете отырып, осындай жұмыстар жүргізетін боламыз », - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарымен күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шараға қатысушылар өтіп бара жатқан азаматтарға «біз есірткіге қарсымыз» деген жазуы бар 300-ге жуық бетпердені таратты.