Алматы полициясы: ертеңнен бастап автокөлік жүргізушілері көлік жүргізу және көлік құралын тіркеу куәліктерін алып жүрмесе де болады

Алматы полициясы: ертеңнен бастап автокөлік жүргізушілері көлік жүргізу және көлік құралын тіркеу куәліктерін алып жүрмесе де болады

Ағымдағы жылдың 1 ақпаны Мемлекет басшысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заң бойынша жүргізушілер, өзімен бірге жеке куәлігі бар болса, Қазақстанда берілген көлік жүргізу куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін алып жүру міндеттемесінен босатылады. Сонымен қатар, аталған құжаттардың болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады.
«Сонымен қатар, жүргізушілерге арналған куәліктер мен техникалық паспорттардың халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінде берілетіндігіне ерекше назар аударамыз. Бұл құжаттар халықаралық қозғалысқа қатысу және жүргізушілердің жұмысқа орналасуы үшін, сондай-ақ, меншік құқығы мен біліктілігін растау үшін қажет. Айта кету керек, қабылданған түзетулер шетел мемлекетінің мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгісі бар автокөліктерге және жүргізуші куәлігін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты ұсыну міндетті болып қала береді », - деді, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.
Бүгінгі күні патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлерінде «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жүйесі орнатылған 1028 планшет бар. Жол қозғалысын қадағалау кезінде жүргізуші куәліктерінің берілуін және көлік құралдарының тіркелуін тексеру көрсетілген планшеттердің көмегімен жүзеге асырылады.
«Жеке куәліктің электронды аналогы заңды күшке ие болмайтынын білу маңызды. Жеке куәлікке жеке куәлік, төлқұжат кіреді және олар Қазақстан заңнамасында бекітілген. Студенттік билет ол жерге кірмейді, ал туу туралы куәлік тек жеке куәлік алғанға дейін жеке куәлік болып табылады. Әзірге сандық емес нысандар ғана ел заңнамасында бекітілген. Егер адам құжатты (жеке куәлікті) бірінші рет ұмытып кетсе, онда ол ескертіледі. Егер ол осындай әкімшілік құқық бұзушылықты екінші рет жасаса, біз ҚР ӘҚбК-нің 612 бабы 1 бөлімі -құжатсыз және көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін 5 АЕК (13 255 теңге) айыппұл саламыз. Кейбір жағдайларда, егер адамның құжаттары болмаса және оны растай алмаса (өзінің кім екенін дәлелдей алмаса), көлік құралы айыппұл тұрағына қойылады. Егер тексерілетін жүргізуші сақтандыру полисінде жоқ болса, онда ол ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі (айыппұл 10 АЕК, 29.170 тг) бойынша жазаға тартылады, ал автокөлік ҚР ӘҚбК-нің 797 бабына сәйкес айыппұл тұрағына орналастырылады », - деп қорытындылады полковник Аманбек.