Алматыда ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Алматыда ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Алматы қаласы Полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері аудандық полиция басқармаларымен бірлесіп, ойын-сауық орындарының басшылары мен жалға алушылары, сондай-ақ қаладағы азық-түлік дүкендерінің өкілдерімен профилактикалық кездесулер өткізуде.

Кездесулер барысында алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптары, оның ішінде алкоголь өнімдерін сату тәртібі мен уақыты, жекелеген санаттағы адамдарға алкоголь өнімдерін өткізуге қойылатын шектеулер, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріледі.

Алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар нысандар өкілдерімен күзет қызметкерлерінің полиция органдарымен өзара іс-қимылы мәселелері талқылануда. Атап айтқанда, жанжал туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлау және оның одан әрі өршуіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдау қажеттігі түсіндіріледі.

Профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтар көп жиналатын орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру.