
Жасөспірім қыздың жезөкшелікке тартылуына оның жерлесі 1994 туылған Б.есімді Қызылорда облысының тумасы өз септігін тигізген.
"Анықталғандай, аталған азаматша жезөкшелікпен айналысуға 17 және 22 жастағы қыздарды құрығына түсірген. Жезөкшелер ошағы Медеу ауданы Пушкин көшесі бойында орналасқан тұрғын үйде ұйымдастырылған. Белгілі болғандай, азаматша Б өзінің жерлес қыздарын алып шаһарға жалақысы көп жұмыс тауып беремін деген желеумен алдап шақырып алған. Алайда жазықсыз қыздарды жезөкшелікпен айналысу күтіп тұрған болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азаматшаның үстінен ҚР ҚК-НІҢ екі бабы бойынша яғни, 134-бап бойынша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту, 309-бап жезөкшелікпен айналысу ошағын ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды"-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Сондай-ақ, полицияда ұсталған азаматшаның бұрын өзінің жаңа туған баласын сатқаны үшін қылмысты жауапкершілікке тартылғандығын атап көрсетті.