
Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы тәртібін нығайту мақсатында мото-патрульдік взводтың жұмысы күшейтілді.
Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны құрамына кіретін бұл бөлімше жол-көлік жағдайына жедел әрекет ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту үшін, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде қызмет атқарады.
Мото-патруль құрамында 30 мотоцикл бар, бұл олардың жоғары мобильділігін қамтамасыз етіп, жол қозғалысы ережелерінің кез келген бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, мото-патруль бөлімшелерінің негізгі міндеті — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
«Мото-патрульдер жол жағдайындағы өзгерістерге жедел әрекет етуге, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар арасындағы тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру», — деді ол.
Мото-патруль экипаждары қаланың ең жүктемесі жоғары көшелері мен жол учаскелерінде қызмет атқарып, тұрақты бақылау мен жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін болады.