
Олар сенімге кіріп, психологиялық қысым көрсету арқылы жеке деректеріңізді, банк шоттарыңызға қол жеткізуді және қаражатыңызды иемденуді көздейді.
Полиция азаматтарды сақ болуға, бөгде адамдарға жеке мәліметтерін бермеуге, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, сондай-ақ кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.
Есіңізде болсын: қырағылық пен сақтық - алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы.