
Соттың қаулысымен оларға ел аумағына қайта кіруге тыйым салына отырып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды.
Еске салсақ, бұған дейін полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмағандар тобының азаматтарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз мінез-құлық танытқан бейнежазбаларын анықтаған болатын.
Аталған жасөспірімдер жедел түрде анықталып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.