
Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтарды алаңдататын және қауіпті мінез-құлықтан қорғауға бағытталған маңызды өзгерістер енгізілді.
Енді заңда сталкингке — бір адамды жүйелі түрде қадағалау, мазасыз қоңыраулар мен хабарламалар, қауіп-қатер тудыру немесе қаламаған байланыс орнатуға әрекет жасау сияқты әрекеттерге жауапкершілік қарастырылған.
Маңыздысы, сталкинг — бұл назар аудару немесе табандылық емес, бұл психологиялық қысымның бір түрі. Ол елеулі психологиялық зиян келтіруі мүмкін, алаңдаушылық пен қорқыныш тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар күшейтілді. Бүгінде полицияға азаматтарды қадағалау немесе қауіп-қатерлер туралы сигнал түскен жағдайда ерте араласу және қорғау үшін қосымша құқықтық құралдар берілген.
«Кез келген қадағалау қатаң құқықтық бағалауға ие болады. Біз мұндай фактілерді алдын ала болдырмауға және азаматтарды ерте кезеңде қорғауға бағытталғанбыз. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, мәселені өз бетіңізше шешуге тырыспай, дереу полицияға хабарласуыңыз қажет. Алғашқы кезеңде де заңдық шаралар қабылданады», — деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Асхат Кулбаев.
«Заң мен тәртіп» принципі кез келген қысым, қадағалау немесе жеке шекараны бұзу әрекеттеріне төзбеушіліктен басталады. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі — ең басты басымдық.