Алматы полициясының экс-басшысы Арыстанғани Заппаровты жаңа қызметке шығарып салды

Алматы полициясының экс-басшысы Арыстанғани Заппаровты жаңа қызметке шығарып салды

Алматы қаласы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Арыстанғани Заппаровты Түркістан облысының Полиция департаменті бастығы қызметіне тағайындалуына байланысты ресми шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға департаменттің қызметтері мен бөлімшелерінің басшылығы, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Арыстанғани Заппаров Алматы қаласының полициясын қызметтік жауапкершілігі жоғары кезеңде басқарды. Ол өз жұмысында «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанып, құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және халықпен өзара іс-қимылды дамытуға ерекше көңіл бөлді.
«Арыстанғани Расылханұлы Алматыда ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарды. Оның басшылығымен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейіп, полиция қызметінің ашықтығы мен азаматтардың сенімі артты. Қаламызға сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа жауапты қызметінде табыс тілейміз», — деп атап өтті Алматы қаласы Полиция департаментінің қазіргі басшысы Айдын Қабдулдинов.
Өз кезегінде Арыстанғани Заппаров:
«Алматы мен үшін қызмет жолындағы маңызды кезең болды. Мұнда заң мен халыққа адал қызмет ететін кәсіби әрі ұйымшыл ұжыммен бірге еңбек еттім. Жеке құрамға, ардагерлерге және қала тұрғындарына қолдау мен сенім үшін алғыс білдіремін. Алматы полициясы алдағы уақытта да заң мен тәртіпті қамтамасыз ету ісінде өз ұстанымын сақтайтынына сенімдімін», — деді.