Полицейлер аязда ес-түссіз қалған азаматты құтқарды

Полицейлер аязда ес-түссіз қалған азаматты құтқарды

Алматы қаласының жедел қимылдайтын арнайы жасағы мен патрульдік полиция қызметкерлері стационарлық полиция бекетінде көшеде ес-түссіз күйде қалған ер адамға дер кезінде көмек көрсетті.
Полиция қызметкерлері қозғалыс белгілері байқалмаған азаматты анықтап, жедел түрде пунктке жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жылыту шаралары жүргізілді. Кейін жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен азамат әрі қарай емдеу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
«Біз үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға дер кезінде әрекет ету аса маңызды. Қызметкерлеріміздің жедел әрі үйлесімді іс-қимылы адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының командирі Азамат Исергужин.
Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтарды қыс мезгілінде сақ болуға шақырып, төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел қызметтерге уақытылы жүгінуді ескертеді.