Алматы полицейлері жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздіктің сабағын өткізді

Алматы полицейлері жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздіктің сабағын өткізді

Алматы қаласындағы №200 жалпы білім беретін мектепте полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған кешенді қауіпсіздік сабағын жүргізді.
Іс-шараға киберполиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ювеналды полиция бөлімшелерінің мамандары қатысты.
Полицейлер оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіптер, кең таралған алаяқтық түрлері, сондай-ақ қауіп төнген жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы жан-жақты түсіндірді.
Интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау, жеке деректерді қорғау және қажетті жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңызына ерекше назар аударылды.
«Жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс – біздің негізгі басым бағыттарымыздың бірі. Мұндай сабақтар балаларға нақты тәуекелдерді түсініп, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Біздің міндет – өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Мектептердегі жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз, себебі алдын алу — әрдайым салдармен күресуден тиімді», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.