
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, осы күндері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Алматы қаласы аумағында да жаңбыр түріндегі жауын-шашын, аяз және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Әдетте, ауа райының нашарлауы жалпы жол-көлік жағдайына әсер етеді.
Осыған байланысты Алматы қаласының полициясы жол қозғалысы ережелерін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.
Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ өз көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырады.
«Жауын-шашынның мол түсуі қаладағы жол қозғалысын айтарлықтай қиындататыны белгілі: кептелістер орын алады, көлік қозғалысының өткізу қабілеті төмендейді. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпсіздігі: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдай тудырады, қауіпті маневрлер жасайды, өзара сыйластық танытпайды, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Мұның бәрі жолдағы жағдайға кері әсерін тигізеді», — деді, Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Сонымен қатар Департаментте, тәжірибеге сәйкес, жол-көлік оқиғаларының саны ауа райы нашар күндері айтарлықтай артып, күніне орта есеппен 100-ге дейін жететінін атап өтті.
Полиция тағы да еске салады: жол қателіктерді кешірмейді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау — өз өміріңіздің және жақындарыңыздың өмірінің қауіпсіздігінің кепілі!