
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы қаласында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін жалғасады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының демалыс кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қараусыздық деректерін және жасөспірімдердің ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүру жағдайларын анықтау.
Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік Басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанованың айтуынша, жұмыс Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілуде.
«Біздің мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Осы күндері ювеналдық полиция қызметкерлері ұстаздармен, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен және ата-аналар комитеттерімен бірлесіп, профилактикалық рейдтер өткізуде, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларды аралап, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әрбір баланың заңмен қорғалуын қамтамасыз етуге тырысамыз», – деді, Жанна Шонжанова.
Іс-шараның бірінші күнінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына 122 кәмелетке толмағандар жеткізілді, 11 қолайсыз отбасы мен 12 құқық бұзушы-жасөспірім анықталды.
Түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүрген 96 жасөспірім ұсталып, олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ата-аналарынсыз Алматыда жүрген 12 өзге өңірдің жасөспірімі балаларды қолдау Орталығына орналастырылды.
Полицияда, кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.