Антқа адалдық пен Отанға қызмет ету: Алматы полицейлері Республика күнін атап өтті

Антқа адалдық пен Отанға қызмет ету: Алматы полицейлері Республика күнін атап өтті

Бүгін Алматы қаласы полиция Департаментінде Республика күніне арналған салтанатты сап түзеу рәсімі өтті.
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, бұл күннің еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық сананың жаңғыруының символы екенін атап өтті.
«Республика күні – бейбітшілікті, бірлікті және тәуелсіздікті қадірлеудің маңыздылығын еске салатын мереке. Заң мен тәртіпті күзетіп тұрған әрбір полиция қызметкері еліміздің мемлекеттік тұтастығы мен қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуда. Біз Қазақстан Республикасына қызмет етіп жүргенімізді мақтан етеміз», – деді, Арыстанғани Заппаров.
Іс-шара барысында қызметтік міндетін адал атқарған қызметкерлер марапатталып, оларға кезектен тыс және мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді.
Бұл күні тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен құқықтық тәртіп жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше алғыс сөздері айтылды.
Салтанатты сап түзеу полиция бөлімшелерінің шерулік жүрісімен аяқталып, ол антқа беріктіктің және қызметтік борышқа деген адалдықтың символына айналды.
Іс-шара патриотизм рухында, ел тарихына деген терең құрметпен өтті және Отанға қызмет етуді ең жоғары мәртебе деп білетін құқық қорғау саласының буындарын біріктірді.