Алматыда «Жас Сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдады

Алматыда «Жас Сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдады

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы №49 жалпы білім беретін мектепте жаңа «Жас Сақшы» сыныбының оқушыларының ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Жас тәртіп сақшылары тәртіпті қатаң сақтауға, өз қатарластарына үлгі болуға және оқу орнында тәртіпті сақтауға көмектесуге уәде берді. Мұндай сыныптарды құру патриотизм мен заңға құрметті тәрбиелеуге, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында полицейдің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Салтанатты шарада Алматы қаласы полиция Департаменті Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы полиция полковнигі Бауыржан Рахимов сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығын атап өтті.
«Жас сақшы болу – бұл тек форма кию емес, өз сыныбың, мектебің және айналаң үшін жауапкершілікті абыроймен атқару деген сөз. Бүгін сіздер қоғамға қызмет етудің алғашқы қадамын жасадыңыздар. Араларыңыздан нағыз құқық қорғаушылар өсіп шығатынына сенеміз», – деді, Бауыржан Рахимов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде Алматы қаласының 13 мектебінде осындай сыныптар құрылды.
Олардың қатысушылары құқық негіздерін оқып, полиция қызметімен танысады, құқықбұзушылықтардың алдын алу науқандарына қатысып, ұжымда өзара құрмет пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырады.