Алматыда «дроппер» ұсталды

Алматыда «дроппер» ұсталды

Алматыда жергілікті тұрғын жаңа енгізілген ҚР ҚК-нің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Аталған бап, өз банк немесе тіркеу деректерін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға беруге тыйым салады.
Еске салайық, «дропперлер» деп аталатындар үшін қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілді. Жаңа норма, алаяқтар ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып немесе басқа шоттарға аударуға мүмкіндік беретін қаржылық делдалдармен күресуге бағытталған.
Тергеу барысында жеке кәсіпкер өз тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға бергені анықталды. Кейін осы деректер арқылы алаяқтық белгілері бар күдікті ақша аударымдары жүзеге асырылған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұл – заңсыз транзакциялар үшін банктік деректемелерін берген жеке адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған Қазақстандағы бірінші жағдай. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалған қаржылық алаяқтық тізбегін тиімдірек тоқтатуға мүмкіндік береді. Полиция осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды әрі қарай да қатаң түрде жалғастырады», – деді, Алатау аудандық полиция Басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.
Алматы полициясы азаматтарға өздерінің банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға беруге болмайтынын ескертеді. Мұндай әрекеттер шот иесінің пайда көрмегеніне қарамастан, қылмысқа қатыстылық ретінде қарастырылуы мүмкін.