Полиция Алматы метрополитенінде жолаушыларды ақпараттандыру мен профилактикалық шараларды күшейтті

Полиция Алматы метрополитенінде жолаушыларды ақпараттандыру мен профилактикалық шараларды күшейтті

Алматы қаласында «Заң және тәртіп» қағидасын жүзеге асыру және Профилактика жылы аясында метрополитенде азаматтарды қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп ережелері туралы барынша кеңінен ақпараттандыру бағдарламасы іске қосылды.
Полиция бастамасымен метро вагондары мен станцияларында дыбыстық хабарламалар орнатылып, жолаушыларға заңды сақтау, тәртіп пен әр адамның жеке жауапкершілігінің маңыздылығы туралы тұрақты түрде еске салынып отырады.
Сонымен қатар, бекеттер мен пойыз вагондарында метро ішіндегі мінез-құлық және қауіпсіздік ережелері туралы көрнекі ақпараттық жадынамалар орналастырылған. Онда эвакуация тәртібі мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жөнінде нұсқаулықтар берілген.
«Метрополитен – азаматтардың жаппай жүретін орны, мұнда әрбір адамның қауіпсіздігі барлығының тәртібіне байланысты. Полиция метро әкімшілігімен бірлесіп тұрақты түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Біздің мақсатымыз – тек қана қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету емес, сонымен қатар жолаушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру», – деді, Алматы қаласы ПД Метрополитендегі полиция Басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаров.
Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Дыбыстық хабарламалар мен көрнекі материалдар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және түрлі оқыс оқиғалардың қаупін азайтуға көмектеседі.
Ерекше назар қайғылы жағдайлардың алдын алуға аударылған: өткен жылы Алматы метрополитенінде кісі өлімімен аяқталған бір қайғылы оқиға тіркелген. Осыған байланысты полиция мен метрополитен басшылығы осындай жағдайлардың алдын алу және азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
«Қауіпсіздік – қырағылық пен жауапкершіліктен басталады. Әрбір жолаушы есте сақтауы керек: “Заң және тәртіп” – жай ғана ұран емес, бұл – күнделікті іс-әрекет қағидасы, өмір мен тыныштықтың кепілі», – деді, Батыржан Абдумасаров.