«Қайрат – Селтик» матчы кезінде құқықтық тәртіпті бір жарым мыңнан астам полицей қамтамасыз етеді

«Қайрат – Селтик» матчы кезінде құқықтық тәртіпті бір жарым мыңнан астам полицей қамтамасыз етеді

Алматы қалалық полиция Департаментінің мәліметінше, УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы) пен «Селтик» (Глазго) командалары арасындағы жауапты футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.
Көптеген жанкүйерлердің келуі күтілуде, соған байланысты полицияның біріктірілген күштерінің жасақтарын күшейту жоспарлануда. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және көлік ағынын реттеуге ерекше назар аударылады.
Арнайы көліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және кептелістің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелері аралығындағы аумақта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.
Алматы қалалық полиция Департаменті, тұрғындарды бұл ақпаратты бағыттарын жоспарлау кезінде ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің нұсқауларына құлақ асуға шақырады.