Алматы қаласында психотроптық заттарды таратуға қатысы бар күдіктілер ұсталды

Алматы қаласында психотроптық заттарды таратуға қатысы бар күдіктілер ұсталды

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мефедрон атты психотроптық заттың заңсыз айналымы анықталды.
Қала аудандарының бірінде ер адам тоқтатылып, жеке тінту кезінде одан психотроптық затқа ұқсас зат табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың мефедрон екендігі расталды.
Жүргізілген іс-шаралар барысында екінші күдікті де анықталып, арнайы жасақтың қолдауымен Алматы облысында ұсталды.
Тінту кезінде қосымша айғақтар, соның ішінде электронды құрылғылар мен психотроптық санатына жататын заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.