Алматы қаласында «Тұрғын үй» жедел-алдын алу іс-шарасы аяқталды

Алматы қаласында «Тұрғын үй» жедел-алдын алу іс-шарасы аяқталды

Қалада отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған адамдарды бақылау мақсатында «Тұрғын үй» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарында келесі санаттар бойынша есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексерді: қорғану ұйғарымы, ерекше талаптар, маскүнем, нашақор, қолайсыз отбасы.
«Іс-шараның мақсаты – қайталама және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға мақсатты көмек көрсету. ІІМ жариялаған профилактикалық жыл, полиция қызметкерінің құқықбұзушылық болғаннан кейін ғана емес, оның алдын алу үшін жиі келуін қамтамасыз ету», – деп хабарлады, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.
Тексеру барысында қаланың шағын аудандарының бірінде полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдікті жүйелі түрде асыра пайдалану және қорғану ұйғарымының шарттарын бұзғаны үшін есепте тұрған азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оған заңнамадағы өзгерістер мен тұрмыстық құқықбұзушылықтардың салдары түсіндірілді.
Сондай-ақ, басқа бір есепте тұрған адамның ерекше талаптарды бұзғаны анықталып, оған қатысты сот 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.
Отбасы-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.