Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына рейдтер өткізілді

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына рейдтер өткізілді

Тексеру барысында 190-нан астам адам, сондай-ақ осындай орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет ұйымдарының қызметі қаралды. Іс-шара барысында әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің тарапынан олардың қатысуына жол берілу деректері тіркелді.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзу және ұсақ бұзақылық деректері анықталып, олар бойынша әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Максат Пшанның айтуынша, түнгі ойын-сауық орындарының қызметін бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады:
«Мұндай профилактикалық рейдтер қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізіледі. Біз «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде әрекет етеміз. Ең бастысы – құқықбұзушылықтың алдын алып, қауіптердің туындауына жол бермеу», – деді, М.Пшан.
Барлық ойын-сауық орындарында азаматтардан келіп түскен шағымдар негізінде тексеру жүргізілді. Анықталған заңбұзушылықтар тіркеліп, материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.