Алматыда мопед ұрысы ұсталды: Алмалы ауданының жедел уәкілі көзге түсті

Алматыда мопед ұрысы ұсталды: Алмалы ауданының жедел уәкілі көзге түсті

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Елдар Тоқташев сипаттамалары ұқсас күдіктілерді байқады.
Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері қылмыскерлерді жаяу аңди бастады. Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, нәтижесінде полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан.
Алған жарақатына қарамастан, полиция қызметкері батылдық танытып, күдіктіні ұстады. Кейіннен оның қаладағы мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды.
«Полиция аға лейтенанты Елдар Тоқташевтың батыл әрекеті қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін қылмыскерді ұстауға мүмкіндік берді. Біз өз қызметкерлерімізбен мақтанамыз, олар: Заң мен тәртіп жай ғана сөз емес, азаматтар үшін нағыз қалқан екенін күн сайын дәлелдеуде», - деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.