Алматыда балаларға арналған Ашық есік күні өтті

Алматыда балаларға арналған Ашық есік күні өтті

Шараны Алматы қалалық ПД кинологиялық қызмет орталығы Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы мен Түрксіб ауданы Community-орталығының қатысуымен ұйымдастырды.
Балалар полицияның жұмысымен, арнайы техникамен танысты, қауіпсіздік техникасы бойынша интерактивті оқу іс-шараларына қатысып, қызметкерлерге қызықтыратын сұрақтарын қоя алды.
Іс-шараның мақсаты – Заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, құқықтық сананы тәрбиелеу және құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру.