Бұл жерде қазақ эстрадасының жұлдыздарының ән шашуы, жаңа техника мен қару-жарақтың көрсетілімі, арнайы жасақтардың демонстрациялық қойылымдары, интерактивті аймақтар, фотолокациялар мен көрмелер ұйымдастырылды. Осының барлығы алматылықтарға полицияның жұмысымен жақынырақ танысуға және оның уақыт өткен сайын қалай өзгеретінін көруге мүмкіндік берді.
«Бұл күн - тек ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ғана емес, сонымен қатар тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызмет еткен және қызмет етіп жатқан әрбір адам үшін ерекше күн. Құрметті ардагерлерімізге қосқан үлестері үшін, антына адалдықтары үшін, бүгінгі қызметіміздің қаланған іргетасы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Алматылықтарға сенімдері үшін, көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамын. Отанымыздың тыныштығы, тәртібі мен қауіпсіздігі үшін - полиция әрдайым халықпен бірге болды, бар және бола береді», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Кештің нағыз қызық оқиғасы дрондар шоуы болды. Аспанда тақырыптық жарық бейнелері жанды. Бұл қойылым қазақстандық полицияның жаңаруы мен ашықтығының символына айналып, көрермендер арасында эмоциялар дауылын тудырды.
Фестиваль - жай мереке емес, полиция мен қоғамның қызу диалогына айналды.