Өткен жылы қалада балалардың қатысуымен 1 мың 511 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 1 мың 641 бала зардап шексе, өкінішке қарай, тағы 4 бала қайтыс болды.
Алматы полициясының қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақатын азайту бойынша профилактикалық шараларды күшейтуге назар аударады: ата-аналар, мектептер және жұртшылық белсенді қатысуда.
«Балалардың жол қауіпсіздігі бірнеше факторларға, соның ішінде қауіпсіз инфрақұрылымға байланысты болғандықтан, кешенді тәсіл маңызды. Біздің бөлімше, атап айтқанда, көше және жол желісіне зерттеу жүргізеді: жол белгілерін, бағдаршамдарды, камераларды орнатуға және ауыстыруға ұйғарым береміз. Өткен жылы жол-коммуналдық қызметі саласына 300-ден астам ұйғарым жіберілді. Біздің ауданда өткен жылы балалардың қатысуымен 341 жол-көлік оқиғасы орын алып, өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, тағы 370-і жарақат алды. Бұл бір отбасының мұңы емес, бүкіл қоғамымыздың қайғысы. Жол қателікті кешірмейді. Балаларыңызға абай болыңыздар!», - деді, Алатау аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұрахметов.
Спикердің айтуынша, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары жастармен кездесулер өткізуде.
Бұл жолы полицейлер №152 жалпы орта мектебінің оқушыларымен құқықтық тәрбие сағатын өткізді.
Онда сұрақ-жауап, жол қозғалысы ережелері сабағы, иллюстрациялық буклеттер таратылды, ал «Жас сақшы» сынып оқушылары арасында қызметтік көлік көрсетілді.
Күдікті жабдықтарды сатты деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды.
Оны Алматы «Киберполының» қызметкерлері «Antifraud» республикалық іс-шарасы аясында ұстады.
«Жедел іс-шаралар нәтижесінде аудиожазбаларды жасырын алу үшін арнайы техникалық құрылғыны сату әрекеті анықталды. Жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын ол автоқалам түріндегі шпиондық құрылғыны сатқан. Өзімен бірге тағы да осындай қаламсап болған, оны да сатуды жоспарлаған. Жетісу аудандық полиция Басқармасында ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді, Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес Басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Ішкі істер Министрі жариялаған «Профилактика жылы: заң мен тәртіпті күзететін полиция», сондай-ақ «Тіркелген элемент» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясының қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында жұмыстар жүргізуде.
Бір ғана қаланың Түрксіб ауданында іс-шара уақытында ІІО-да профилактикалық есепте тұрған 3 адам жұмысқа орналастырылды.
«Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстардың алдын алуда олардың әлеуметтік қорғалуы және қоғамға тез бейімделуі маңызды рөл атқарады. Тәжірибе көрсеткендей, қайталанатын қылмыстарды тұрақты табысы жоқ адамдар жасайды. Осыған орай, соттылығы өтелмеген адамдарды жұмысқа орналастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, бас тартқандарына қарамастан, учаскелік полиция инспекторлары ай сайын аудандық жұмыспен қамту орталығына ІІО-да есепте тұрған азаматтардың жұмысқа орналасу тізімдерін жіберіп отырады. Айтпақшы, өткен жылы ұсынылған бос орындарға 24 адам жұмысқа орналасты», - деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының басшысы Думан Аухадиев.
Сонымен қатар, қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар пробация қызметімен бірлесіп, есептегі адамдардың өмір салты мен мінез-құлқын анықтау мақсатында тұрғылықты жері бойынша күн сайын тексеру жүргізеді.
«Бүгінгі таңда ауданымызда 318 тіркелген азамат түнгі уақытта тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде 3 заң бұзушылық анықталды. ҚР-ның әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін бір дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қадағалаудағы тағы екі адамға қатысты сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімін жойды», - деді, Думан Аухадиев.
Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оның салдарларының ауырлығын азайтуға бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты – профилактикалық жұмыстарды жандандыруды және оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, дұрыс қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі жазатайым оқиғаларды азайту.
«Жеке құрамға жүктелген негізгі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау және алдын алу, өрескел бұзушылықтардан бастап – көлік құралын мас күйінде жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен немесе радиоқабылдағышпен сөйлесу, апаттық белгілері айқын көрінетін көлік құралдарын анықтауға дейін, жол ережесін бұзатын жүргізушілерді анықтау. Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауға баса назар аударылатын болады. Атап айтқанда, инспекторлар автопарктер мен автотұрақтарды аралап, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Жоспарланған іс-шаралардың ішінде оқу орындарының студенттеріне арналған семинарлар бар», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Спикердің айтуынша, бүгін таңертең жүргізілген рейд барысында қалааралық екі автобус жолдан шығарылды. Полиция, оның заңсыз қайта жабдықталу дерегін анықтады және бұл, полицияның пікірінше, қайтымсыз салдары бар оқиғалардың қауіпті алғышарты болып табылады.
Екі автобус та арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.
Алматыда тағы бір қуанышты оқиға орын алды. Патрульдік полиция қызметкерлері Інжу есімді қызды дүниеге әкелуге көмектесті.
«Әл-Фараби даңғылында Марков көшесінің қиылысында бізді «Kia» маркалы көліктің жүргізушісі тоқтатты. Ол әйелін толғақ қысып, перзентханаға апара жатқанын айтып, емдеу мекемесіне дейін ертіп апаруларын өтінді. Радиостанция арқылы кезекшіден перзентханаға хабарласып, босанатын әйел туралы хабарлауын өтіндік. Кешкі уақыт еді, қарбалас, кептеліс. Сонда да перзентханаға тез жетіп үлгердік. Жарты сағаттан кейін әйел босанды. Шын жүректен құттықтаймыз», – деді, Жергілікті полиция қызметі Басқармасының мамандандырылған батальонының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Асхат Мамедалы.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Олар баланың әкесімен байланыста отыр.
Белгілі болғандай, Інжу - отбасындағы екінші бала.
Жаңа туған қызды үйде әпкесі күтіп отыр.
Бұл жолы аудитория Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттерінен құралды.
«Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Алматыда студенттер қауымы үлкен және 180 мың адамды құрайды. Олар 36 жоғары оқу орнында білім алады. Студент жастар – кез келген қоғамның ең озық және ұйымдасқан бөлігі. Сондықтан мен жастарды Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтауға және өзін-өзі тәрбиелеуге шақырғым келеді. «Хабардарсың, демек, қарулысың» адам өмірінің барлық дерлік салаларында өзекті. Әсіресе қауіпсіздік мәселесінде. Біз өскелең ұрпаққа қырағылық пен сақ болуды үнемі ескертеміз: қылмысқа, соның ішінде интернет-алаяқтыққа қатысушы болмаңдар, өз мүліктеріңе, жеке деректеріңе қамқорлық жасап, азаматтық белсенді болыңдар», - деді, Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес Басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Сондай-ақ баяндамашы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық дәрістер топтамасы жалғасып жатқанын еске салды.
Алматының әкімшілік полициясы, мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері мыңнан астам мопед қолданушысының бұл процедураны орындағанын хабарлады: олар көлік құралының тіркеу нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.
«Сонымен қатар, мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Баяндамашы, ағымдағы жылдың 5 сәуірінен кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және «А1» санатты жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері ҚР ӘҚбК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды.
Жаза: 10 АЕК, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жазасыз қалу мақсатында көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған, «Тойота Марк-2» көлігін тізгіндеген 27 жастағы азаматты Сүйінбай даңғылында полиция қызметкерлері ұстады.
«Қалалық бейнежүйелерді бақылау барысында алдыңғы нөмір салғышқа нөмірді аударып жіберетін механикалық қондырғыларды орнатқан жол ережесін бұзушы анықталды. Бейнетіркеу камераларына жақындаған кезде жол талғамайтын көліктің жүргізушісі, ол өзі аталған көліктің иесі, пультпен құрылғыға сигнал беріп, көлік қозғалған кезде мемлекеттік нөмірді жасырған.
Әрине, көлігінің нөмірін жасыру арқылы жүргізуші Жол қозғалысы ережесін бұзған, солай жол қозғалысына қатысушыларға қасақана қауіп төндірген. Бұл жерде ешқандай ақталуға жол жоқ. Құқықбұзушы ұсталды және ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 4 бөлігі бойынша жазаланды. Сот шешімімен жүргізуші 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Ол келесі учаскеде тәжірибе жүзінде іске қосылды: Сәтбаев көшесінің бойымен Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін, оңтүстік және солтүстік жағында.
Мұнда бейнебақылау жүйелері көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзуды, соның ішінде екінші қатардағы тұрақтарды да анықтайтын болады.
Алматы қаласының әкімшілік полициясы, жол қозғалысына қатысушылардың назарына ҚР ЖҚЕ-нің 85-тармағына сәйкес, конфигурациясы (жол бөлігін жергілікті кеңейту) көлік құралдарын басқаша орналастыруға мүмкіндік беретін орындарды қоспағанда, жол бөлігінде жол жиегіне параллель бір қатарда көлік құралын қоюға рұқсат етілетінін ескертті.
Ал, ҚР ЖҚЕ 87, 88 пункттерінде көлiк құралының басқа көлiк құралдарының жүрiсiне мүмкiндiк бермейтiн (кіру немесе шығу) немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына кедергiлер туғызатын (кептелiс) орындарда тоқтауға тыйым салынады.
Сондай-ақ басқармада, ҚР ӘҚбК-нің 597-бабының 3-тармағына сәйкес, «Көлік құралдарын басқа көлік құралдарының жүріп-тұруына кедергі жасауға әкеп соқтыратын жолдың жүріс бөлігінде тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу 10 АЕК құрайды (39 мың 320 теңге, 7 күннің ішінде төленсе, 5 АЕК - 19 мың 660 теңге).
ПИК төрағаларымен және ОСИ директорларымен кездесулер өткізу дәстүрін жалғастыра отырып, Алматы полициясының басшылығы олардың жоғары тиімділігі мен қаладағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі жақсы қолдау көрсетуін атап өтті.
Сындарлы әңгімеде полиция мен жұртшылық қаланың халық көп шоғырланған аудандарының біріндегі қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
«Ел Президенті 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елдегі «Заң мен Тәртіпті» қамтамасыз ету міндетін қойды. Осыған байланысты, Ішкі істер Министрі 2025 жылды алдын алу жылы деп жариялады: Заң мен Тәртіпті күзететін полиция. Қоғамдық қауіпсіздік азаматтардың өмірін, денсаулығы мен әл-ауқатын, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау жағдайын көрсетеді. Қоғамдық тәртіпті тек қана бірігіп сақтауға болады. Бірлікте күш бар! Бірлескен ынтымақтастық бізге елді мекендердегі қауіпсіздік жағдайын бақылауға, бұзушылықтарды бастапқы кезеңде тиімді анықтауға, туындаған мәселелерге жедел ден қоюға және бір-бірімізге өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.
Шара соңында спикер өздеріне сеніп тапсырылған аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді түрде араласып, атсалысып жүрген ПИК және ОСИ өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
«Алматы полициясы көп жылдар бойы ПИК өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасайды. «WhatsApp» мессенджерінде 3 мыңнан астам үй және аула тұрғындары қосылған чаттары құрылды, оның ішінде 800 мыңға жуық азамат бар. Чат жұмысының арқасында ПИК төрағалары ғана емес, сонымен қатар, әрбір тұрғын өзекті мәселелерді шешу үшін учаскелік полиция инспекторына тікелей хабарласуға мүмкіндігі бар. Бұл, айтпақшы, қылмыстық және түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін азаматтармен жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік береді», - деді, Қуатбек Науатов.