ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
14 апреля 2025
Алматыда пәтер ұрыларының қылмыстық тобы ұсталды

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Алматы облысының үш тұрғынының қаладағы пәтер ұрлығының кемінде бес эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды.
Олар соңғы қылмысын пәтерлердің бірінде жасаған, сол кезде пәтер иесі күтпеген жерден келіп қалған. Қаскөйлер оның бетіне бұрыш спрейін шашып, оқиға орнынан қашып кеткен.
«Ұсталғандардың екеуі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, жедел іс-шаралар жалғасуда», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
Тәртіп сақшылары ұсталғандардың қаладағы пәтер ұрлығының басқа да оқиғаларына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Жергілікті полиция қызметі
14 апреля 2025
Алматыда мобильді экопатрульдер жұмыс істейді

Алматыда жыл басынан бері 7 мың 700 ден астам экологиялық нормаларды бұзу дерегі анықталды.
Алматыда 19 жаңа үлгідегі стационарлық табиғатты қорғау бекеті жұмысын жалғастыруда.
Мұнда патрульдік полиция Полкінің инспекторлары экологтармен бірге арнайы құрылғылар арқылы көліктерден шыққан түтіннің деңгейін бақылайды.
Стационарлық посттардан бөлек, өткен жылдан бастап қалада нақты уақыт режимінде көліктердің шығарындыларын бақылайтын жылжымалы экопатрульдер жұмыс істейді. Олар тек бекеттерде ғана емес, тікелей көлік ағынында да тәртіп бұзушыларды анықтауға, жедел шаралар қабылдауға көмектеседі.
«Экопатрульдердің жұмысы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз ауаның ластануын азайту үшін шығарындыларды бақылауды күшейттік. Біздің міндетіміз - заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар жүргізушілерде де қала экологиясына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру", - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Баяндамашының айтуынша, жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттері мен экологиялық патрульдерде 7 мың 704 заң бұзушылық анықталған.
Сонымен қатар, ол 2025 жылдың 13 наурызындағы жағдай бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілгенін атап өтті: енді зиянды шығарындылары бойынша нормаларды бұзу ескертумен шектелмейді – ол үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл
14 апреля 2025
Алматыда «Телефон террористі» сотталды

Алматыда сот лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама жасаған адамға үкім шығарды.
Ол өткен жылдың желтоқсан айында мас күйінде жедел қызметке хабарласып, қаладағы сауда орталықтарының бірінде жарылыс болатынын хабарлаған.
Қоңырау түскен соң құқық қорғау органдары дереу шара қолданып, эвакуация жасалып, нысанды тексерді.
Нәтижесінде хабарламаның шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.
Жалған қоңырау арнайы қызметтің жұмысына кедергі келтіріп, материалдық шығын келтірді.
Сот ер адамды жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырды.
"Мұндай жағдайлардың әрқайсысы құнды ресурстарды алып, төтенше жағдайлар қызметтерін нақты жұмыстан алшақтатып, тұрғындар арасында үрей туғызады. Террорлық актілер туралы жалған хабарламалар қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын естеріңізге саламыз. Азаматтарды жауапкершілікке шақырамыз және мұндай әрекеттер жазасыз қалмайтынын естен шығармауларын сұраймыз", - деді, Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Әкімшілік полиция
14 апреля 2025
Алматы полициясы жарнама құрылымы бар көлікті басқару ережелерін түсіндірді

Соңғы уақытта қала жолдарында жарнамалық құрылымдары, оның ішінде электронды дисплейі бар көліктер жиілеп кетті.
«Оларды орнату - көлік құралының құрылымын өзгерту, бұл жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін еске саламыз. Жарнамалық жабдықты заңды түрде орнату үшін арнайы рұқсат алу керек. Бұл өзгерістердің қауіпсіздік талаптарын бұзбайтынын растау үшін алдын ала техникалық бағалауды қажет етеді. Сонымен қатар, жарнама құрылымдары белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек. Олар жүргізушілерге кедергі келтірмеуі, жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудармауы немесе жол-көлік оқиғасы кезінде қауіп төндірмеуі керек», - деді, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Баяндамашы қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 5 бөлімі және 590 бабы 7 бөліміне сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
«Біз баршаңызды ережелерді сақтауға және қажетті рұқсаттарды уақытылы алуға шақырамыз. Бұл тек сіздің ғана емес, айналаңыздағылардың да қауіпсіздігі», - деді, Асхат Құлбаев.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
14 апреля 2025
Алматыда есірткі курьері ұсталды: синтетиканың ірі партиясы тәркіленді

Алматы есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде интернет арқылы тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан наркокурьер ұсталды.
Тінту кезінде күдіктіден синтетикалық есірткінің ірі партиясы, қаптамалар мен электронды таразылар табылып, тәркіленді. Ол қылмыстық жұмысы үшін сыйақыны криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Синтетикалық есірткі қоғамға, әсіресе жастарға үлкен қауіп төндіреді. Біз олардың таралуымен белсенді күресуді жалғастырамыз және азаматтарды мұндай оқиғалар туралы хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы болашағымызды бұл қауіптен сақтай аламыз», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
28 марта 2025
Алматы тұрғын алабында есірткі сатушы ұсталды: ол үйінен есірткі сатқан

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде, Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері, үйінен тікелей заңсыз заттарды таратып жүрген 49 жастағы ер адамды ұстады.
«Арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктіден өсімдік тектес зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ер адамның осы мекен-жайда отбасымен тұрғаны белгілі болды, оның жанұясы қаскөйдің қылмыстық әрекетіне куә болған. Қазіргі уақытта есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Тергеу және анықтау
28 марта 2025
Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтықтың ірі тізбегін әшкереледі

Алматы полицейлері алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады. Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.
«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі - аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция, зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда», - деді, Алматы қалалық ПД тергеу Басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.
Аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 8-708-804-17-55; 8-747-181-05-74 және 8-777-216-17-37.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл
28 марта 2025
Алматыда тыйым салынған вейп сақталған қойма жойылды

Алматыда тәртіп сақшылары электронды темекіні заңсыз сату дерегін анықтады.
«Алматы қаласы Алатау ауданында 200 дана вейпты заңсыз сатқаны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі қойма иесі. Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электронды темекі тәркіленді. Ұсталған қойма иесінің сөзінше, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған. Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жалғасуда», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Криминалдық полиция
28 марта 2025
Алматыда кәсіби «қалта ұрылары» тобы әшкереленді

Алматы полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады.
«Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Тінту кезінде ұсталғандардан азаматтардан ұрланған үш ұялы телефон табылды. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
Баяндамашы өткен жылы, қолға алынған шаралардың арқасында 513 ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 315 ұры, сондай-ақ қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 102 топтың қылмыстық әрекетінің алдын алғанын айтты.
Полицейлер азаматтарға мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертеді: қоғамдық орындарда абай болыңыз, жеке заттарыңызды бақылауда ұстаңыз және құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз.
Күдікті жағдайларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.

28 марта 2025
Алматыда ауқымды жол қауіпсіздігі науқаны өтті

2025 жылдың 23 наурызында Қазақстанның ең ірі мегаполисі – Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Менің қауіпсіздігім – менің қолымда» кең ауқымды науқаны өтті. Ұйымдастырушылар - Алматы полиция Департаменті, қала Әкімдігі, сонымен қатар JET, WHOOSH, Яндекс шеринг-компаниялары және мотоцикл мектебі болды.
Алматы – қарқынды дамып келе жатқан шаһар, оның жолдарымен күн сайын 1 миллионнан астам көлік жүреді, оның ішінде қала сыртынан келетін көліктер де бар. Осыған байланысты жол қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселесі қала үшін басымдыққа айналуда.
Іс-шарада мотоциклдер шеруі мен «Жас сақшы» полиция сыныптары оқушыларының, сондай-ақ жас жол инспекторларының салтанатты шеруі болды. Бұл іс-шаралар жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне және жастайынан қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына қоғамның назарын аударды.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар оқу жиындарын өткізіп, оның барысында мамандар электросамокаттар мен мопедтерді қауіпсіз жүргізу ережелерін, сондай-ақ осы көліктерді пайдалануға қатысты жол қозғалысы ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Шара қонақтары сұрақ-жауаптарға, тақырыптық ойындар мен флешмобтарға қатысты, ал жол қауіпсіздігін арттыру бастамасын қолдаған Қазақстанның танымал әртістері шараның арнайы қонағы болды.
«Мұндай іс-шараларды өткізу жол-көлік оқиғаларының санын азайту және барлық қатысушылар – жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, жеке көлікті пайдаланушылар арасында жол қозғалысына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.
Шараның барлық қатысушылары мен серіктестеріне алғыс айтамыз және қала тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өз өмірін және өзгелердің қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз!». – деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы